Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстаннан Қазақстанға 20 келі героин өткізбек болғандар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. Өзбекстаннан Қазақстанға 20 келіден астам героин өткізбек болғандар ұсталды, деп«ӨзА» сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат  хабарлайды.

Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Сырдария облыстық басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел шаралардың арқасында Тәжікстаннан Өзбекстан арқылы Қазақстанға көп мөлшерде есірткі өткізбек болғандар ұсталды.

Тәжікстан азаматы есірткіні контрабанда жолымен Өзбекстанға кіргізіп, Ташкентте тұратын танысының үйінде сақтаған.

Өзбекстанның арнаулы қызметтерінің деректеріне сүйенсек, есірткі транзитін ұйымдастырған – Қазақстан азаматы, Түркістан облысының тұрғыны. Ол Сырдария облысының айналма жолы арқылы елімізге есірткі кіргізбек болған жерінен ұсталды.

Сараптама нәтижесінде айғақ ретінде алынған зат героин екені анықталды. Салмағы 20 келі 32 грамм. Мамандардың сөзіне қарағанда, тәркіленген героиннің бағасы шамамен 300 мың АҚШ долларына тең.

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *