НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Ауғанстан премьер-Министрі Абдулла Абдулла Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аясында лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі аймақтық стратегияны құруды ұсынды, деп Газета.uz сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Ауғанстан үкіметінің басшысы елдегі бейбітшілікке қол жеткізу үдерісін қолдағаны үшін Ресейге, АҚШ-қа, Өзбекстанға, ҚХР мен ЕО-қа алғыс білдірді. Абдулла Ауғанстан ШЫҰ-ның маңызды бөлігі болып табылады, алайда Ұйымда байқаушы мәртебесінде 2015 жылдан бері қала беретінің мәлімдеді.
Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев өз кезегінде әріптестеріне Ауғанстан экономикасын дағдарыстан шығару жөніндегі жобаларды әзірлеуді ұсынды.
Еске сала кетсек, 2 қарашада Ташкентте ШЫҰ-ға мүше елдердің үкімет басшылары Кеңесінің 18-ші отырысы өтті. Ауғанстанның Премьер-Министрі іс-шараға байқаушы-елдің өкілі ретінде қатысуда.