Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әйелдер және терроризм

НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Қазіргі заманда терроризм жынысқа қарамайды, егер бұрын әскери қақтығыстарға ер адамдар ғана қатысса, қазіргі уақытта оларды жасөспірімдер де, әйелдер де белсенді алмастыруда. «Террорист» сөзін естігенде ер адамның бейнесі елестесе, қазіргі кезде бұл өзектілігін жоғалтып жатыр, деп Kazislam тілшісі жазады. 

Қазіргі уақытта терроризмнің жаһандық деңгейде феминизация үрдісі байқалуда. Әйелдердің террористік актілер мен экстремистік әрекеттерге қатысу жағдайлары жиілеп кетті. Бұл құбылыс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Сирияға қазақстандық әйелдердің көбі қақтығыс ошағына күйеулерінің артынан еріп барған.  Ал өз еркімен жиһадқа аттанғандар саны азшылықты құрап отыр.

2018 жылдың шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Таяу Шығыстағы соғыс басталғаннан бері Сирия және Иракқа Қазақстанның 800-ден аса азаматы, оның ішінде 120-ға жуық ер адам, 250-ден астам әйел және 500-ге толмаған бала кеткені туралы жұртшылықты хабардар етті.

Әйелдердің лаңкестік әрекеттерге қатысу тарихы

Бастапқыда әйелдерді террорлық іс-әрекетте пайдалану елеусіз болып, оларды ақпарат жинау, құпия жерлерді құру және ұстау үшін, байланысшы және т. б. ретінде пайдаланды.

Уақыт өте, әйелдерді жаңа әскери бөлімдерді қалыптастыру кезінде әскери қызметшілер ретінде, мысалы, Непалдағы маоистер топтары мен «Күрдістанның жұмыс партиясы» белсенді пайдаланды. Күрдтер, Сирия мен Ирактағы ИГИЛ содырларына қарсы шайқастарда таза әйелдер батальондарын қалыптастыру дәстүрлерін жалғастыруда.

Жекелеген экстремистік және террористік ұйымдар әйелдердің денесіне жарылғыш заттар байлап, оларды «қару» ретінде пайдалана бастады. Бұндай жағдай, ең алғаш рет Ливанда израильдік әскери қызметшілерге қарсы пайдаланылса, одан кейінгі уақытта, әйелдердің қатысуымен орын алған бұндай оқиғалар Палестинада және Түркияда қайталанды.

Қазіргі уақытта, Нигериядағы «Боко Харам» лаңкестік тобы әйелдерді «жарылғыш қару» ретінде пайдаланатын жалғыз ұйым болып табылады. Қазіргі уақытта әйелдердің террористік әрекеттерде белсенді қатысу мәселесі өте аз зерттелген.

«Жусан» гуманитарлық операциясы

2019 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін орын алған 4 кезеңнен тұрған «Жусан» гуманитарлық операциясының арқасында, елімізге Сириядан 595 адам, оның ішінде оның ішінде 33 ер адам, 156 әйел, 406 кәмелетке толмағандар, оның ішінде 20 жетім бала әкелінді.

156 әйелдің 14-і тергеуде, 2 әйел сотталған. Қалған 140 әйелмен реабилитациялық орталықтар жұмыс жүргізу үстінде.

Қылмыстық процестер

Елге оралған әйелдердің кейбіреуінің үстінен қылмыстық істер қозғалып, сот процестері жүріп жатыр.

Ақмарал Алмаганбетова – бес баланың анасы (32 жас), Ақтөбе тұрғыны, 2013 жылы Сирияға кетіп, лаңкестікті насихаттап, діни араздықты қозғағаны үшін айыпталып отыр.

Зарина Ақмалаева – екі баланың анасы (29 жас). 2014 жылы кәмілетке толмаған қызын алып Сирияға аттанған. Әлеуметтік желілерде лаңкестікті насихаттағаны үшін, сот шешімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазығұрт аудандық сотында ағымдағы жылдың қыркүйек айында Сириядан оралған 24 жасар бойжеткенге (аты-жөні айтылмайды) қатысты қылмыстық іс қаралды. Тергеу органдары оның лаңкестікті, сондай-ақ билік өкілдеріне қатысты қауіп-қатерлер мен зорлық-зомбылықты жария насихаттады деп анықтады.

2019 жылы, терроризм және экстремизм баптары бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдердің өкінуін көрсету мақсатында ҚР ҰҚК жұртшылыққа «гүл шоқтары» атты деректі фильмді ұсынды.

Сириядан оралған қазақстандық әйелдердің белсенділігі

Сириядан көшірілген қазақстандық әйелдер мен балалардың көпшілігі оңалту курсынан өтіп, бұрынғы өмірге аман-есен оралды. Жекелеген әйелдер қоғам алдындағы өз кінәсін сезіне отырып және осындай қателерді басқалардың қайталамауы үшін БАҚ-та көпшілік алдында сөз сөйлеуге шешім қабылдады.

Атап айтқанда, 12-ден астам әйел «Еуразия 1 арнасы», «Tengrinews.kz» және «Zakon.kz» сияқты баспасөз құралдарына Сириядағы соғыстың қасіреті туралы, білместіктің неге апаратыны жайында, өздерінің қателігі туралы, өз күйеулерінің, балаларының және жақындарының қаза табуы туралы айтып, қазақстандықтарды террористік ұйымдардың арбаушылары мен идеологтарының алдауына түспеуге шақырды.

Сириядан көшірілген қазақстандық Балжан Әбдірахманова Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қолдады.

Тағы бір қазақстандық 25 жасар Аида Сарина бейне үндеу жазып, бұл видео БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің отырысына қатысушыларға көрсетілді. Өз хатында ол Қазақстан Үкіметіне отанына оралуға мүмкіндік бергені үшін шынайы алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *