Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 Қазақстандық балалар Ирак түрмелерінен босатылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша. Ирактың түрмелерінен қазақстандық балаларды босату жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Таяу шығыс елінде сотталып, абақтыға қамалған әйелдердің сәбилері де олармен бірге темір торда отыр. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі осы ретте шамамен 10 баланы елге қайтару үшін арнайы операцияға дайындалып жатқанын хабарлайды.

«Ирактан балаларды алып келеміз. Осы айда болу керек. Нақты мерзімін айта алмаймын. Олардың шешелері сотталып, түрмеде отыр. Сондықтан балалары бірге қалмасын деп, туған-туыстары өтініш білдіріп, сол балаларды алып келеміз», — деді ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *