Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей арнайы күштері АСЕАН елдерінің жаттығуларына қатысу үшін Қытайға келді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Ресейдің Шығыс әскери округінің арнайы жасақтары АСЕАН елдерінің халықаралық терроризмге қарсы оқу-жаттығуларына қатысу үшін Қытайға келді, деп округтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости  хабарлады.

Жаттығулардың белсенді кезеңі  қараша айының екінші жартысында Қытайда өтеді . Қатысушылар «террористер» басып алған әкімшілік ғимараттардағы, автобустар мен жолаушылар ұшақтарындағы кепілге алған адамдарды босатады. Сондай-ақ, «жарылғыш құрылғыларды» іздеу және жою, тікұшақтан десант түсіру және атыс қаруларынан жауынгерлік атыс өткізу бойынша бірлескен оқу-жаттығулар өтеді.

«Шығыс әскери округінің әскерлерінің тобы, оның ішінде арнайы күштер құрамасы АСЕАН елдері мен олардың диалог бойынша серіктестерінің халықаралық терроризмге қарсы оқу-жаттығуларына қатысуға дайындалу үшін Қытай Халық Республикасына келді.. Шығыс әскери округінің өкілдері қазірдің өзінде терроризмге қарсы халықаралық тобының құрамында алдағы іс-қимылдарды пысықтау үшін жаттығуларын бастап кетті «, -деп хабарламада айтылған.

Мәселен, ресейлік арнайы күштер рейдтерді қалалық жерлерде жүргізеді. Әскери қызметкерлер шартты содырлардың химиялық улы заттарды «қолдануы» жағдайында көшелер мен ғимараттар ішінде жүреді.

Жаттығуларға сондай-ақ, көп ұлтты басқару пункттерінде жұмыс жасау үшін ресейлік ШӘO офицерлері де қатысады.

Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының қауымдастығы (АСЕАН) 1967 жылы Бангкокта құрылды. Оған Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Бруней, Вьетнам, Лаос, Мьянма және Камбоджа кіреді. Папуа-Жаңа Гвинея мен Шығыс Тимор арнайы бақылаушы мәртебесіне ие. Диалог серіктестері — Қытай, Үндістан, Жапония, Пәкістан, Ресей, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Моңғолия, Австралия, АҚШ, Түркия және Канада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *