НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша.Индонезияның Медан қаласында орналасқан полиция басқармасының жанында жарылыс болды, деп хабарлайды 24.kz.
Салдарынан бірнеше тәртіп сақшысы жарақат алды. Белгілі болғандай, жарылысты террорист ұйымдастырған. Күштік құрылым өкілдерінің мәліметіне сай, теракт таңғы сағат 8:40 шамасында болған. Күдікті шабуыл кезінде қаза тапты.