Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия ДАИШ-қа қосылған 10 қазақстандықты еліне депортацияламақ

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Түркия «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (ДАИШ) 956 мүшесін келген елдеріне депортация жасайтынын хабарлады. Олардың арасында Қазақстанның 10 азаматы, 82 өзбекстандық, 23 қырғызстандық, 6 түркіменстандық, 99 ресейлік бар. Бұл туралы түркиялық ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап Азаттық  хабарлады.

Түркия тарапының бұл мәлімдемесіне қатысты Қазақстан билігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрік түрмелерінде ДАИШ тобының 2500 мыңдай мүшесі отырғанын айтқан. Кейін елдің ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу «Түркия – ДАИШ мүшелеріне қоанқүй емес» деп ел түрмелерінде қамауда отырған террористерді елдеріне қайтара бастайтынын мәлімдеген.

Сирияда қарулы қақтығыс басталғалы Қазақстанның сегіз жүзге жуық азаматы Сирия мен Ирак аумағына кетіп, сондағы террористік топтардың қатарына қосылғаны белгілі болған. Қазақстан 2019 жылдың басынан бері «Жусан» операциясы арқылы Сирия аумағындағы 595 азаматын қайтарған. Арнаулы операция кезінде келгендердің көпшілігі – әйелдер мен балалар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *