Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Экстремистік ұйымдар кез келген әдісті пайдаланады – теолог

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша. Діни экстремизммен күрес тек Қазақстан мемлекетінің проблемасы ғана емес, әлем халқының үлкен проблемасы болып отыр. Экстремистік діни ұйымдардың іс-әрекеті кең ауқымды әрі сан алуан әдістерді қамтиды. Олар өз мақсаттарына жету үшін қолдарындағы барлық құралдар мен әдістерді – заңдыдан заңсызға дейін, тіпті террорлық түрін қолдануға әзір, — дейді «Шапағат» қоғамдық қорының теологы Сұлтангелді Сариев, деп kazislam.kz  жазады. 

Оның айтуынша, жастардың арасында радикалды, діни-экстремистік тенденциялардың таралуы бірнеше факторларға негізделгендігін көруге болады.

«Мұнда ең алдымен, елдегі шешілмеген әлеуметтік-экономикалық проблемалар ескерілген жөн. Кейбір ақпараттық көздердің мәліметтері бойынша, экстремизм мен терроризм жолына түскен адамдардың 80 пайызға жуығы 19 жастан 28 жасқа дейінгі жұмыссыз жастардан тұрады. Радикалды ағымдарға кіргендердің басым бөлігі тұрмыс жағдайы төмен әлеуметтік қабаттардағы отбасылардан шыққан, әрі тұрақты жұмыспен қамтылмаған тұлғалар.

Дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың мүшелері діни сауаты төмен, жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады» — дейді ол.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *