Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Снюс деп аталатын шайнайтын шылымды сатуға уақытша тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Елімізде снюс деп аталатын шайнайтын шылымды сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Atameken Business.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгіннен бастап құрамында нормадан көп никотины бар кез-келген тауарды пайдалануға, таратуға уақытша шектеу қойылды. Оған себеп Солтүстік Қазақстанда болған жағдай. Ата-ана баласының аталмыш тауарға әуесқойлығын байқап, шағым түсірген. Айта кетсем, түтінді шылымда 1,5 милиграм никотин болса, снюстың құрамында оның мөлшері 250 милиграмға дейін бары анықталған. Бұл мөлшерден 100 есе көп. Өнім Қазақстанға көбінесе Ресей, Швеция, Үндістан сынды мемлекттерден тасымалданады. Сондай-ақ интернет желісінде, кюаркод арқылы, киви-әмиянмен тапсырыс беруге болады. Алайда нақты қандай компаниялар өндіретіні, кімдер сататыны әзірге белгісіз. Жауапты ведомство өкілі алдағы уақытта анықтайтынын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *