Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ әділет министрлігі YPG-ді КЖП-ның еншілес ұйымы деп таныды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. АҚШ әділет министрлігі мәлімдеме жасап, «Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын» (YPG) «Күрдістан жұмысшы партиясының» (КЖП/РКК) террористік ұйымының бөлімшесі екенін мойындады, деп хабарлайды Aнадолу агенттігі.

10 қаңтарда Флорида штатының заң шығарушы органына жасалған шабуыл туралы мәлімдемеде қылмысты жасағандардың бірі Даниел Бейкердің YPG-мен байланысы бар екендігі көрсетілген.

«Ол әлеуметтік желіде өзін YPG-ның мергені деп мәлімдеді. YPG — АҚШ үкіметімен шетелдік террористік ұйым деп танылған КЖП-ның еншілес ұйымы», — деп атап өтті министрлікте.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, РКК лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Сирияда КЖП  лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

Иранда КЖП  «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *