Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Э. Рахмон «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 03 қаңтар. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 2 қаңтарда Маджлиси намояндагон (төменгі палата) қабылдаған және Маджлиси милли (жоғарғы палата) қолдаған бірқатар заңдарға қол қойды, деп жазады ТаджикТА.  

«Президент «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» , «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау тәртібі туралы», «Су пайдаланушылар қауымдастығы туралы»  заңдарға қол қойды», — деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заңды Тәжікстанның Бас прокуратурасы президенттің нұсқауларын орындау мақсатында әзірледі.

Эмомали Рахмон 2018 жылдың аяғында ел парламентіне жасаған жолдауында қолданыстағы экстремизмге қарсы заң қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейтінін, жаңа жобасын дайындауды қажет ететінін мәлімдеді.

Бастаманың мақсаты — ел азаматтарының террористік және экстремистік ұйымдар мен қозғалыстарға араласуының алдын алу, сондай-ақ бұрын шетелдік радикалды топтарға қосылған адамдардың отанына оралуы.

Жаңа заңдағы негізгі өзгерістер, ең алдымен, жақында осы салада қабылданған халықаралық-құқықтық актілерге, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің және басқа халықаралық ұйымдардың қарарларына қатысты болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *