Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шавкат Мирзиёев: ШЫҰ ортақ қауіпсіздік жүйесін қалыптастырады

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз. Соңғы жылдары қорғаныс министрлерінің кездесулерінің форматы ШЫҰ кеңістігінде және сыртқы шекараларында әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әріптестікті нығайту және бірлескен шешімдер қабылдаудың тиімді алаңына айналып, өзектілігін дәлелдеді. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді. Оның ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің отырысына қатысушыларға жолдауын Өзбекстан президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудов оқып берді, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды .

Өзбекстан басшысының айтуынша, қазір халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке дәстүрлі қатерлер күшейіп , шиеленістің жаңа ошақтары пайда болуда және одан әрі дамуын болжау қиындай түсуде.

Осы жағдайларда ШЫҰ-ның қорғаныс ведомстволары арасындағы практикалық өзара іс-қимылдың және ШЫҰ жауапкершілігі аймағында ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралдарын әзірлеудің маңыздылығы артып келеді, деп атап өтті Мирзиёев.

 «Ауғанстандағы күрделі жағдайды ескере отырып, ШЫҰ кеңістігіндегі басты қауіптердің бірі терроризм мен экстремизм болып табылады. Осыған байланысты Ұйым елдері шекарасының периметрі бойынша жағдайды тиімдірек бақылау және ықтимал қауіптерді тоқтату бойынша іс-қимылдарды үйлестіру үшін қорғаныс министрліктері арасындағы үйлестіруді күшейту қажет», — деді президент.

Ол сондай-ақ әскерлердің жауынгерлік даярлығын және бірлескен іс-шараларды өткізу тәжірибесін жетілдіруге, соның ішінде халықаралық лаңкестер қолданатын жаңа тактикаға қарсы тұру тетіктерін әзірлеуге елеулі көңіл бөлу керектігін қосты.

«Әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту да маңызды. Бұл тұрғыда ШЫҰ елдерінің бастамасы жақсы. Сондай-ақ әскери білім беру саласындағы әріптестікті нығайту маңызды», — деп түйіндеді Өзбекстан басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *