Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Камерунда жанкешті лаңкестің өзің-өзі жару салдарынан кемінде 11 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 07 қаңтар. Бүгін түстен кейін Камерунның солтүстік аймағындағы Фотокол елді мекендегі Эль-Бейд көпірінде жанкешті лаңкеспен жасалған жарылыс салдарынан кемінде 11 адам қаза тапты, тағы 26 адам жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің қауіпсіздік күштеріндегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады .

Жергілікті шенеуніктер шабуылды растады, бірақ толық мәлімет бермеді.

Жергілікті журналист Дайру Мохаммедтің айтуынша, шабуыл үшін жауапкершілікті «Боко Харам» тобы өз мойнына алған.

«Жанкешті лаңкес көпірдің көп жиналған бөлігіне барып, бомбаны іске қосты. Қаза тапқандар мен жараланғандардың арасында әйелдер мен балалар бар», — деді тілші Д. Мұхаммед.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *