Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ бас прокуроры: Флоридадағы әскери-теңіз күштерінің базасындағы атыс — террористік шабуыл

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. АҚШ-тың әділет министрі, бас прокуроры Уильям Барр АҚШ-тың Флоридадағы Пенсакола әскери-теңіз базасындағы 2019 жылдың желтоқсан айында Сауд Арабиясының азаматы жасаған  атысты террористік акт деп атады. Ол бұл туралы дүйсенбіде Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Бұл терроризм актісі болды. Айғақтар көрсеткендей, атқыш жиһадшылар идеологиясының ықпалында болған», — деді ол.

2019 жылдың 6 желтоқсанында Сауд Арабиясының әскери қызметкері Мұхаммед аш-Шамрани АҚШ-тың Флоридадағы Пенсакола әскери-теңіз күштерінің базасына оқ жаудырды. Ол Америка Құрама Штаттарына американдық нұсқаушылардың жетекшілігімен ұшу дағдыларын игеру үшін келді. Аш-Шамрани үш адамды өлтіріп, сегізін жаралады. Оны оқиға орнына келген тәртіп сақшысы атып өлтірді.

Оқиғадан кейін АҚШ билігі елде әскери дайындықта жүрген Сауд Арабиясының азаматтарын тексерді. Олар шамамен 850 адам.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *