Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алеппода содырлар мешіт пен балабақшаға оқ жаудырды

НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан. Содырлар Алеппо қаласының Шахба ауданындағы мешіт пен балабақшаға оқ атты. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап baq.kz хабарлады.

Алепподағы Шахба ауданында орналасқан ірі мешіттердің бірі «абу Ханифа» мешітіне шабуыл жасалды. Бүтін терезе қалмаған. Содырлардың шабуылынан кейін жөндеу жүргізілген мешітті енді тағы жөндеу керек. Содырлар оған минометтерден оқ атқан. Абырой болғанда, шабуыл кешкі намаздан кейін жасалған. Әдетте намаз уақытында мешіт ішінде 500-ден астам адам болатын, — делінген хабарламада.

Шабуыл болған кезде мешіт күзетшілері мен қайырымдылық қорының бірнеше адамы жертөлеге тамақ әзірлеуге түсіп кеткен. Олар тамақты кедейлерге таратады. Сондықтан жарылыстан олар аман қалды.

Осымен соңғы айда содырлар бесінші рет мешітке шабуыл жасап тұр. Билік пен имамдардың шабуылды тоқтату туралы үндеуіне жаңа оқтармен жауап беріп келеді.

Сонымен қатар, содырлар Шахба ауданындағы балабақшаға оқ атты. Балабақша қатты зардап шекпеген. Дегенмен, тәрбиешілер балабақшаны уақытша жабуды ұйғарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *