НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань шекаралық провинциясының полициясы есірткі контрабандасы туралы ірі істерінің аясында 151,22 кг есірткі заттары бар үш күдіктіні ұстады, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Юньнань провинциясының полициясы Линьцан қаласындағы шекаралық өткізу пункті арқылы Мьянмадан Қытайға есірткіні әкелуді жоспарлаған контрабандашыларға сілтеме алған. 14 қаңтар күні қала маңындағы Мэндин ауылында 151,22 кг метамфетамині бар күдіктілер қолға түсті.
Бұған дейін хабарлағандай, ағымдағы жылдың 8-10 қаңтар аралығында Юньнань провинциясында 85 кг метамфетамині бар сегіз күдікті ұсталды.