Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанның түрмелерінде бүлік шығарғысы келгендердің ісі сотқа берілді 

НҰР-СҰЛТАН, 05 ақпан. Тәжікстанның үш түрмесінде жаппай тәртіпсіздік жасауға талпынған жазасын өтеушілердің ісі сотқа берілді. Әділет министрлігі қылмыстық жазаны атқару бас басқармасының хабарлауынша, радикалдық топтар мен ұйымдардың жақтасы саналатын 30 жазасын өтеушіге қылмыстық іс қозғалған, деп centralasian.org хабарлайды. 

Бұның алдында Тәжікстан Жоғарғы сотының төрағасы Шермұхаммад Шохиён Худжанд пен Вахдат колонияларында бүлік шығарған 60 жазасын өтеушіге үкім шыққанын, тағы 30 жазасын өтеушінің ісі сотта қаралып жатқанын мәлімдеген. Олардың бірқатары Душанбедегі түрмеде жаппай тәртіпсіздік жасауға талпынған делінеді. Шохиён бұл мәселені ашып айтпады.

Қылмыстық жазаны атқару бас басқармасының басшысы Мансуржон Умаровтың айтуынша, түрмеде бүлік шығарғысы келген 30 адамның барлығы «Ислам мемлекеті», Ансоруллах, Өзбекстан ислам қозғалысы секілді террористік және радикалдық топтардың мүшелері.

Жазасын өтеушілер мен олардың адвокаттарының жаңа айыптауға қатысты пікірі әзірге белгісіз. Сот процесі жабық өтеп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *