Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Петропавлда батыр Ғазиз Байтасовқа арнап мемориалдық тақта ашылды

ПЕТРОПАВЛ, 12 қараша. Петропавл қаласының Полиция басқармасында 2011 жылы Тараз қаласында лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақта ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

2011 жылғы 11 қараша. Бұл күні патрульдік полиция батальонының қызметкері Ғазиз Байтасов қалыпты режимде қызмет атқарған еді, бұл оның қайғылы оқиға алдындағы соңғы жұмыс күні екенін ешкім білмеді. Сенбі 12 қарашада мұздай қаруланған лаңкес Тараз қаласында аса ауыр қылмыстарды жасап, жеті адамның өмірін қиған, оның бесеуі – құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Лаңкес қол гранатасын жаруға әрекет еткен кезде Ғазиз Байтасов халықты қауіптен аман алып қалу үшін қылмыскерді жерге құлатып, өз денесімен гранатаны жапты.

Ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшысына “Халық Қаһарманы” атағы берілді. Бүгін өңірдегі ең ірі полиция бөлінісі – Петропавл қалалық Полиция басқармасының ғимаратында оның есімі жазылған ескерткіш тақта ашылды. Ашылу рәсіміне облыстық Полиция департаменті және қалалық Полиция басқармасының басшылығы, ПБ жеке құрамы, ведомство ардагерлері, облыстық және қалалық мемлекеттік органдардың басшылары, жұртшылық өкілдері қатысты.

Қала әкімі Руслан Аңбаев полиция қызметкерлеріне әрдайым үйлеріне аман-есен оралуды тіледі. Облыс прокуроры Бағбан Таймбетов 12 қараша күні болған оқиғаның куәсі болғанын айтты. СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, Ғазиз Байтасовтың ерлігі батырлық пен Отанға адал қызмет етудің үлгісі ретінде Қазақстан полицейлерінің есінде мәңгі сақталмақ.

Қонақтар, ақсақалдар мен полиция қызметкерлері бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіш тақтаның астына гүл шоқтарын қойды. Ардагерлер тақтаны ашқан полиция басшылығына алғыстарын білдіріп, өткенсіз болашақ жоқ екенін атап кетті. Салтанатты іс-шарадан соң тәртіп сақшылары қызметтерін жалғастырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *