Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК: Ақтөбе облысына есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді 

АҚТӨБЕ, 18 ақпан. ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен аймақтық есірткі  арнасында есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатыс бар, Б.Исмайловтың (1973 ж.т.) заңға қайшы іс-әрекетінің жолы кесілді, деп ҚР ҰҚК ресми сайты хабарлайды.

Атап айтқанда, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді «гашиш» есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу бойынша пиғылы анықталды.

2019 жылы 09 қазанда аталған тұлғаның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында 2,3 кг гашиш алумен бірге, Б.Исмайловты ұстау жүзеге асырылды.

2020 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-іс бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен  Б.Исмайлов ҚР ҚК 297 т. 3б.  бойынша кінәлі деп танылды және қатаң режимді түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *