ОРАЛ, 21 ақпан. Батыс Қазақстан облысында есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған екі күдіктіні қолға түсірді, деп 24.kz хабарлайды.
Оның бірінен 4 келі марихуана табылса, екіншісінен алынған есірткі сараптамадан өтіп жатыр. Алғашқы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 296 бабының 4-ші тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Жалпы жыл басынан бері өңірде есірткіні сақтап, сатуға қатысты 6 қылмыстық іс тіркеліпті, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 келіден асады екен. Соның ішінде синтетикалық есірткінің көбеюі мамандарды ерекше алаңдатып отыр.
«Психотроптық заттар адам ағзасына, ми-жүйкесіне қатты әсер етеді. Өйткені ол химиялық синтетика. Әсіресе жастардың арасында таралған. Мүгедек болып қалады. Адам өліміне дейін апарады ол зардабы», — деді БҚО ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының басшысы Әлішер Сары.