Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Трамп тәліптермен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы бастапқы бітім сақталса, ауған тәліптерімен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді, деп centralasian.org хабарлайды. 

23 ақпанда Үндістанға сапары алдында журналистер сұрағына жауап берген Трамп «Біз оларды [тәлібтер] келісім жасасқысы келеді деп санаймыз. Біздің де келісім жасасқымыз келеді. Менің ойымша, болатын сияқты, көреміз», — деді.

Бұған дейін екі тарап «22 ақпан, түн жарымынан бастап зорлық-зомбылық деңгейін төмендететіні» жайлы хабарлаған.

Бұл бітім бейбіт келісімнің алғышарты болуы, әрі қарай Ауғанстаннан АҚШ әскері әкетілуі мүмкін. Трамп «19 жыл соғыстан Америка әскерінің елге оралатын уақыты болды» деген еді. Ауғанстанда жалпы саны 12 мыңға жуық АҚШ әскери контингенті орналасқан.

Ауғанстан ақпарат құралдары соңғы екі күнде тәліптер ауған әскерилері орналасқан жерлердегі бақылау-өткізу пункттеріне бірнеше ұсақ шабуыл жасағанын хабарлады.

АҚШ мемлекет хатшысы Майк Помпео 21 ақпанда, АҚШ пен «Талибан» қозғалысы Ауғанстандағы конфликтіні саяси тұрғыда реттеу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын айтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *