Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан мен Өзбекстан теріс діни ағымдардың насихат жүргізуіне жол бермеуге келісті

НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз. Қазақстан мен Өзбекстан биыл діни мерекелерді бір күнге бекітуге келісті. Былтырға дейін екі ел Ораза, Құрбан айт мерекелерін өз қалауынша тойлайтын. Қазақ елінің Бас мүфтиі алғашқы шетелдік сапарын Өзбекстаннан бастап, Самарқан қаласында осы елдің мұсылмандары діни басқармасының төрағасымен кездесті, деп 24.kz хабарлайды. 

Тараптар діни мерекелерді бірізге түсіруге уағдаласты. Сонымен бірге Наурызбай қажы Тағанұлы мен Усмонхон қажы Алимов дін атын жамылған теріс ағымдардың үгіт-насихат жұмыстарына жол бермеуге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің білімін арттыру үшін тәжірибе алмасуға уағдаласты. Бас мүфти имам Матуриди мұралары мен оқуларына арналған халықаралық конференцияға да қатысты. Қазақстандағы мұсылман жамағаты осы ғалымның, яғни Матруди сенімін ұстанатынын айта кеткен жөн.

«Оразаны бір күн бұрын бастау немесе бір күн кеш бастау. Немесе айт күндері әртүрлі күндері әртүрлі келіп қалған мәселелер болатын. Сол кезде де екі елдің мұсылман жамағаты түсінбеушілікке түсіп қалған жағдайлар болды. Наурыз айында Қырғыз елінде ғұламалар кеңесінде осыны талқылап, бір уақытты белгілейтін болдық. Содан кейін Оразаның қай күні басталатынын жариялайтын боламыз. Орта Азия мемлекеттерде биыл да Ораза бір күнде басталады деген үміттеміз», — деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *