НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз. Нигерияның солтүстік-батысындағы Багвай қаласында содырлар түнгі шабуыл кезінде екі адамды атып өлтірді. Бұл туралы Кано штаты полициясының мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Дүйсенбі күні түн ортасында содырлар қалаға шабуыл жасап, жергілікті тұрғындарға оқ атқан. Олар сонымен қатар бірнеше дүкенді өртеді.
Штат полициясының өкілі Абдуллхи Харунаның айтуынша, содырлардың шабуылдау себептері әлі белгісіз.
Ол оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлімдеп, бұл аймақта жаңа шабуылдардың алдын алу үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін айтты.