Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомали қауіпсіздік күштері «Аш-Шабабтың» жеті содырының көзін жойды

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан. Сомалидің қауіпсіздік күштері бейсенбі күні Гедо облысының оңтүстігіндегі Гарбахаррей қаласындағы операция кезінде «Аш-Шабаб» тобының жеті содырын өлтірді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Гарбахаррейдің жедел командирі Адам Абди Хирсидің айтуынша, армия айналадағы ауылдарда содырлардың болуы туралы барлау мәлімет алған.

«Біз содырлар жасырынған жерлерге аттандық және қиян-кескі ұрыс кезінде «Аш-Шабабтың» жеті мүшесін өлтірдік», — деді ол.

Сомали армиясы елдің орталық және оңтүстік аймақтарында «Аш-Шабаб» тобына қарсы операцияларын жалғастыруда, содырлар әлі күнге дейін сол жердегі ауылдарды бақылауында ұстап, торуылдап, мина қояды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *