Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҚО-да қарасора өсірумен айналысқан әкелі-балалы сотталушыларға үкім шықты

ОРАЛ, 05 наурыз. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қарасора өсірумен айналысқан әкелі-балалы сотталушыларға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Судья Бақыт Ермахановтың мәлім еткеніндей, 1986 жылғы Николай мен 1961 жылғы Владимир Полянскийлер айыпты деп танылды.

Н.Полянский ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 300-бабы 2-бөлігіне (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Ал оның әкесі В.Полянский ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі (кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, осы іс-әрекетті жасайтын қару немесе құралдар беруімен не оны жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдескен адам), 297-бабы 3-бөлігі және 300-бабы 2-бөлігіне сәйкес 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге кесілді.

Сот талқысында мәлім болғанындай, өзара сөз байласқан әкелі-балалы сотталушылар өткен жылдың мамыр-маусымында Бәйтерек ауданы Спартак ауылы маңынан үш шақырым жерде Быковка өзенінің жағасынан көп ешкімнің көзі түспейтін жер телімін тапқан. Сол жерге баласы 121 шұңқыр қазып, қарасора егумен, оны өңдеумен айналысса, әкесі құрал-жабдықтармен қамтып, ұлын көлігімен тасымалдаған. Тыңайтқыш заттар да жеткізілген.

Қазан айында өнім жинап, одан аса ірі мөлшерде, жалпы салмағы 32,135 кг кептірілмеген және 8 келіден астам кептірілген марихуана алған. Кейін автокөліктерімен есірткіні өз үйлеріне (Орал қаласы Пойменная көшесі 10-үй және Бәйтерек ауданы Мичурин ауылы Набережная көшесі 15-үй 2-пәтер) жеткізген.

Бұдан басқа Н.Полянский өз үйінде сату мақсатында әрі есірткінің сапасын арттыру үшін 3,06 грамм гашиш жасап, сіріңке қорабына салып, заңсыз сақтаған. Одан әкесі де қалыспай, 27 келіден астам кептірілмеген және 7,6 келіден астам кептірілген марихуананы үйінде заңсыз сақтаған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *