Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда содырлармен болған атыс кезінде екі полиция қызметкері қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 05 наурыз. Нигерияның Дельта штатында белгісіз бір топ содырлар екі полицейді өлтірді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Дельта штатындағы Варри қаласында екі күзет қызметкері арнайы кезекшілікті орындау кезінде оққа ұшты.

Полиция бастығы Хафиз Инуваның айтуынша, содырлар кезекші пунктке шабуыл жасап, полициямен атысқан, нәтижесінде екі полиция қызметкері қаза тапқан.

Оның айтуынша, қауіпсіздік қызметі күдіктілерді ұстау үшін жұмыс жасап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *