ТЕМІРТАУ, 07 наурыз. 7 наурыз күні сағат 13: 10-да Теміртау қаласының полиция басқармасының кезекші орталығына «Одежда» сауда үйінде жарылғыш зат бар деген хабарлама түсті , деп zakon.kz жазады.
Сауда үйінің жұмысшысына белгісіз біеур телефон соғып, ғимаратқа бомба қойылғанын айтты.
Теміртау қаласының полиция бөлімінің жедел кезекшілері оқиға орнына барлық жедел қызметтерді жіберді.
Ғимараттан 400-ден астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 70 техникалық қызметкер. Полиция қызметкерлері сауда үйін тексеріп шықты, бірақ жарылғыш зат таппады.
14: 50-де «Жұмысты тоқтату» командасы берілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273- бабы бойынша (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Қарағанды облысы ПД-нің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері қоңырау шалушыны анықтау бойынша жедел шараларды жүргізуде.