Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтанда наурыз айына жоспарланған жиын өткізілмеуі мүмкін

Наурыз айына жоспарланған Астана процесі аясындағы Сирия бойынша кездесудің XIV раунды өтпеуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

«Әзірге (келіссөз өтетін күн жайлы) ешқандай ақпарат жоқ. Наурызда өткіземіз деген жоспар болды. Алайда қазір жағдай өзгерді. Өтпеуі де мүмкін», — деді ол.

Бұған дейін коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты наурызға жоспарланған келіссөздер өтпеуі мүмкін деп хабарланған болатын.

Астана процесінің кепілгері – Ресей, Түркия және Иран. Астана процесі бойынша кейінгі кездесуі 2017 жылы 4-5 шілдеде өткен болатын. Сондай-ақ, 5 наурыздан батсап Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *