НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз. Дагестанның мемлекеттік шекарасында Ресейге ірі көлемде есірткі затын әкелмекші болған кезде Әзірбайжан азаматы ұсталды. Тәртіп сақшылары ер азаматтан бес келіден астам апиын тапты, деп «Интерфакс-Юг» сілтеме жасап REGNUM жазады.
Есірткі ВАЗ-2110 автокөлігіндегі арнайы жабдықталған жерінде жасырылған. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, күдіктінің үстінен «Есірткі, психотроптық заттар, олардың прекурсорлары немесе аналогтары, құрамында есірткі бар өсімдіктер контрабандасы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.