Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Петропавлда полицейлер есірткі зертханасы жұмысының жолын кесті

ПЕТРОПАВЛ, 28шілде. Синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті – 20 жастағы қала тұрғыны. Ол мамыр айында ұсталды. Жас жігітте өсімдік тектес зат салынған 8 полимер түйіншек болған. Тағы 52 түйіншек пен сұйықтық құйылған екі ыдыс Халтурин көшесі бойындағы тұрғылықты мекенжайынан табылды. Сараптама “спайс” деген атпен белгілі синтетикалық есірткі, сондай-ақ оны дайындауға арналған прекурсорлар екендігін көрсетті.

Күдіктінің айтуынша, есірткіні ол жеке пайдалану үшін сақтаған. Сонымен қатар, тәркіленген есірткінің саны 200 реттік дозаға жуық, есірткі затының жалпы салмағы – шамамен 8 грамм, ол аса ірі мөлшеріне жатады. Оның үйінен респираторлар, грамдық таразылар, өлшеуіш колбалар мен синтетикалық есірткіні дайындауға арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.

«Қазіргі уақытта күдікті қамауда. ҚР Қылмыстық кодексінің (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Баптың санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *