НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Ауғаныстанның батысындағы Герат провинциясында Орталық банктің бес қызметкері ұрланды және өлтірілді, деп провинция полициясына сілтеме жасап АфТАГ хабарлайды.
Оқиға бейсенбі күні кешке қызметкерлер Гераттың Кухсан ауданынан провинция астанасына қарай бет алған кезде болды , деп хабарлады полицияның өкілі Абдул Ахад Вализада.
Ол қызметкерлер өз қозғалысын қауіпсіздік органдарымен үйлестірмегенін айтты.
ІІМ-нің баспасөз-хатшысы Тарик Ариан фактілерді растады және бұл қылмысқа «Талибан» ұйымы жауапты екенін айтты.
Талибан бұл оқиғаға әлі түсінік берген жоқ.