Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбылдық полицейлерімен заңсыз айналымнан 114 келі түрлі есірткі құралдары алынды

ТАРАЗ, 22 сәуір. Жамбылдық полицейлер есірткі қылмысына қарсы белсенді күрес жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 196 есірткі қылмысы анықтады. Оның ішінде, есірткі өткізудің 39, аса ірі мөлшерде сақтаудың 19, есірткі құралдарының контрабандасының 4, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің 1, қылмыстық теріс қылықтардың 133 дерегі белгілі болды.

«Заңсыз айналымнан 114 келі түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 40 келі марихуана, 73 келіден астам гашиш, 570 грамнан астам героин және 10 грамм синтетикалық есірткі құралдары алынды», — деп қорытындылады Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Дінмұхамбет Қойториев.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *