Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кения полициясы «Аш-Шабаб» ұйымының төрт содырын жойды

НҰР-СҰЛТАН, 14  сәуір. Дүйсенбі күні Кения полициясының резервшілері елдің солтүстік-шығысындағы шекаралас аймақта «Аш-Шабаб» тобының төрт содырын жойды, деп Ваджир округінің полиция бастығы Томас Нгейваға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Полиция бастығының хабарлауынша, оқиға Сомали шекарасынан 8 км қашықтықта орналасқан Карса аймағында болған. «Аш-Шабаб» содырларымен қақтығысқан кезде полиция резервшілері тобы тұрақты патрульде болған. Т.Нгейваның айтуынша, құқық қорғау органдарының екі қызметкері жарақат алған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына тергеу тобы жіберілді.

Соңғы жылдары Кенияның солтүстігінде  «Аль-Каидамен» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) байланысты лаңкестік топтардың шабуылдары бірнеше рет орын алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *