НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Өткен түні Ауғанстанның Tахар провинциясында үкімет күштерінің бекеттеріне жасалған «Талибан» қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым) шабуылы салдарынан кем дегенде 19 әскери қызметкер қаза тауып, бесеуі жараланды. Бұл туралы TOLOnews-ке сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
Провинция губернаторының өкілі арнаға хабарлағандай, қазір жағдай үкіметтік қауіпсіздік күштерінің бақылауында.