Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Наркограффити жасаған Шымкент қаласының екі тұрғыны ұсталды

ШЫМКЕНТ, 15 қараша. Шымкентте граффити-жазбалар арқылы есірткі жарнамалағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткіні жарнамалайтын граффити “суретшілерін” ұстады.

Өткен аптаның сәрсенбісінде 36 жастағы қала тұрғыны Абай ауданында орналасқан ғимараттың сыртқы қабырғасына граффити салып тұрған жерінен ұсталды.

Сондай-ақ, 12 қарашада полицейлер мегаполистің Әл-Фараби ауданында осыған ұқсас қылмыс жасау үстінде 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Тексеру барысында аталған азаматтарда есірткі заттарын сатуға арналған сайттарды бейнелейтін трафареттер мен бүріккіш бояулар болды.

Көрсетілген жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 299-1-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) қылмыстық істер тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *