НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр. Жексенбі күні Ауғаныстанның шығысындағы Логар провинциясындағы бақылау-өткізу бекетінде содырлардың шабуылынан қауіпсіздік күштерінің сегіз қызметкері қаза тапты. Бұл туралы жергілікті үкімет өкілі Дидар Ахмад Лавангқа сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Оның айтуынша, «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) содырлар тобы жексенбі күні таң сәріде Мұхаммад-Агха ауданындаңы бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасап, қауіпсіздік күшінтерінің сегіз қызметкерін өлтіріп, тағы бесеуін жарақаттаған.
Дереккөз кімдердің өлтірілгенін — полиция немесе армия қызметкерлері екенін анықтаған жоқ. Оның айтуынша, аталған өткізу пункті Айнак мыс кенішінің жанында орналасқан.
«Талибан» қозғалысы (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) бұл ақпаратқа әлі түсінік берген жоқ.