Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда қала әкімінің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның отырысы өткізілді

АЛМАТЫ, 30 қазан. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша терроризмге қарсы комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы қызметтер, құқық қорғау органдары мен қалалық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен кеңес барысында деструктивті элементтердің құқыққа қарсы әрекеттерін дер кезінде анықтау және жолын кесу жөнінде қабылданатын шаралар қаралды.

Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы айтты. Қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар айналымына байланысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы баяндама жасады. Өз кезегінде, қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына ұшыраған адамдар арасында деструктивті идеялардың таралуын болдырмау жөніндегі жұмыстар туралы айтып берді. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, құқықтық тәртіпті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мегаполистің динамикалық дамуы мен қала тұрғындарының өздерін жақсы сезінулері үшін маңызды міндет екенін атап өтті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *