Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирактың солтүстігінде КЖП-ның үш мүшесі жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр. Түрік қауіпсіздік күштері Ирактың солтүстігінде лаңкестіке қарсы операция барысында Күрдістан жұмысшылар партиясының үш мүшесін жойды.  Бұл туралы Түркия қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.

«Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында барлау және бақылау кезінде анықталған Күрдістан жұмысшылар партиясының үш лаңкесі әуе операциясының нәтижесінде бейтараптандырылды, — деп мәлімдеді министрлік Twitter-дегі парақшасында.

Түрік билігі өз мәлімдемесінде «бейтараптандырылды» деген сөзді жиі қолданады, бұл аталған лаңкестердің берілуін, өлтірілгенін немесе тұтқынға түскенін білдіреді.

Түрік қауіпсіздік күштері Күрдістан жұмысшылар партиясына қарсы Түркияның оңтүстік-шығысында және Ирактың солтүстігінде көптеген операцияларды жүргізіп келеді.

Түркияда, АҚШ пен ЕО-да лаңкестік ұйым деп танылған Күрдістан жұмысшылар партиясы Түркия мемлекетіне қарсы 30 жылдық қарулы жорығын қайта бастады. Қазіргі уақытта КЖП-мен болған қақтығыстарда 40 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *