Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы полицейлері іс-шара барысында есірткінің “кең ассортиментін” тәркіледі

АЛМАТЫ, 09 желтоқсан. Алматы қаласының полицейлері есірткінің “кең ассортиментін” ұсынған азаматтарды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың аналогтарының шаһар аумағына таралуының жолын кесу мақсатында қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуде.

– Біздің бөліністің қызметкерлері Рысқұлов даңғылы мен Ахременко көшесінің қиылысында 30 жастағы азамат басқарып келе жатқан “Тойота” автокөлігін ұстады. Санкцияланған тінту кезінде көліктің артқы орындығынан героин, марихуана және гашиш салынған полиэтилен пакет табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 200 грамды құрады. Бір жарым сағаттан кейін қаланың Әуезов ауданында арнайы іс-шараның нәтижесінде есірткімен байланысты қылмыстары үшін бұрын үш рет сотталған 1984 жылы туған азаматша ұсталды. Тінту кезінде одан жалпы салмағы 17,50 грамм героин табылды. Көрсетілген фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *