НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр. 2020 жылдың мамыр айында, Ферғана облысында тұратын, Өзбекстан Республикасы аумағында тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» лаңкестік ұйым мүшелерінің қылмыстық әрекеті тоқтатылды, деп Республиканың ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды.
Ұсталғандар бұрын осы лаңкестік ұйымға мүшелігі үшін жаза мерзімін өтеген, алайда оларға көрсетілген әлеуметтік, құқықтық және моральдық қолдауға қарамастан, өз сыбайластарымен халық арасында идеялар мен әдебиеттерді таратып заңсыз насихаттауды жалғастырды және осы қылмысқа жазасын өтеген «Хизб ут-Тахрир»(ҚР тыйым салынған ұйым) жақтастарын тарта отырып қатарларын толықтырмақ болған.
Ұсталған адамдардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша экстремистік мазмұндағы әдебиеттер табылды, куәгерлердің қатысуымен іс жүргізу тәртібімен тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған тұлғаларға қатысты тиісті баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ Андижан, Ферған, Наманған, Ташкент, Сурхандария облыстарында және Ташкент қаласында оларды тергеу әрекеттеріне тарту үшін қылмыстық байланыстарды анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.