Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарасора-2020: Алматы облысында  бір жарым гектар марихуана плантациясы жойылды

АЛМАТЫ, 16 маусым. Алматы облысында ірі есірткі иесі ұсталып, бір жарым гектар марихуана плантациясы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2020” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы облысының есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қапшағай қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады. Одан сот-химиялық сараптамасымен “кептірілген марихуана” деп танылған, салмағы 10 кг-нан асатын өсімдік тектес заты бар төрт полимерлік қап, сондай-ақ салмағы 35 кг-нан асатын 845 түп “қарасора” тұқымдас өсімдігі табылып, тәркіленді.

Күдіктінің айтуы бойынша, ол тәркіленген есірткі затын жеке мақсатта пайдалану үшін Қапшағай қаласына жақын маңнан жинап алған. Аталған орынға жеткен жедел-тергеу тобы шамамен бір жарым гектар алқапты алып жатқан “қарасора” плантациясын тауып, жойды. Шабылған массаның жалпы салмағы төрт тоннадан асқан.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі “Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау” бойынша тіркелді. Есірткі сатушыға үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *