НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Ауғанстанның солтүстік-шығысында болған содырлардың шабуылынан кемінде жеті полицей қаза тапты, деп қауіпсіздік қызметіндегі дереккөз хабарлады. Бұл туралы 18 маусымда Tolo News-ке сілтеме жасап REGNUM жазады.
Шабуыл Баглан Пули-Хумри провинциясының астанасында 17 маусым күні кешке болған. «Талибан» қозғалысының содырлар тобы (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) әскери базаға шабуыл жасады.
Шабуыл кезінде бес қауіпсіздік қызметкері жарақат алды. Содырлар да шығынға ұшырады, бірақ нақты белгісіз.