Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Воронежде «Иегова куәгерлерінің» мүшелері қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Воронеж қаласының Ленин аудандық соты дүйсенбі күні ұсталған, Ресей Федерациясының аумағында тыйым салынған  «Иегова куәгерлері» ұйымының мүшелерін экстремистік әрекетке күдікті деп танып 3 қыркүйекке дейін қамауға алды. Бұл туралы ТАСС аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сот экстремистік әрекетке қатысы бар күдіктілерге <…> 1 ай  22 тәулікке, яғни 03.09.2020 дейін, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылдың маусымы мен 2020 жылдың ақпан айына дейін он адам, Ресейде экстремистік деп танылған және РФ  Жоғарғы Сотының шешімі негізінде жойылған «Ресейдегі Иегова куәгерлерінің басқару орталығы» ұйымының құрылымына кіретін «Орталық, Воронеж» діни ұйымының қызметін Воронеж қаласы мен аймақта қамтамасыз етті.

Дүйсенбі күні тергеушілер 24 пен 56 жас аралығындағы 10 Воронеж тұрғынына  қатысты РФ Қылмыстық кодекстің 282.2 бабы 1 бөлігі («Экстремистік қызметті жүзеге асыруға байланысты тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімі  қабылдаған Діни бірлестіктің қызметін ұйымдастыру») бойынша қылмыстық іс қозғады.Олар 110-нан астам тінтуден кейін ұсталды. Тергеу басқармасының аймақтағы Тергеу комитетінің  баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейде таратуға тыйым салынған әдебиеттердің едәуір көлемі тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *