НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде. Татарстанда бірнеше жылдан бері лаңкестік қаупін азайту бойынша көп деңгейлі алдын алу жұмыстар жүргізілуде. Республика басшысы Рустам Минниханов лаңкестікке қарсы комиссияның отырысында интернет арқылы таралатын лаңкестік идеологиясына қарсы тұру үшін әлеуметтік желілерді бақылау жөніндегі мамандандырылған бөлім құрылатынын айтты, деп REGNUM АА хабарлайды.
Өткен жылы Татарстанда жасөспірімдер әлеуметтік желілердегі ақпараттың әсерінен ауыр құқық бұзушылық жасаған алты жағдай анықталды. Сондай-ақ жалғыздықты сезінетін және ересектер тарапынан қолдау таппайтын балаларға жағымсыз әсер ету жағдайлары жиілеп кетті.Жасөспірімдер әлеуметтік желілерден алынған ақпараттың әсерінен қарулы шабуылдарға дайындалып жатқан оқиғалар анықталды.
Аймақ басшысының айтуынша, жағдайдың алдын алу үшін барлық шараларды қолдану керек және қауіп-қатер аймағындағы балаларды құқық бұзушылық жасағанға дейін анықтау қажет.Осыған байланысты Татарстан Республикасының Жастар істері жөніндегі министрлігі республикада оқыту, ағартушылық және конкурстық іс-шараларды өткізеді. Сондай-ақ, аймақтық билік органдары ақпараттық қауіпсіздіктің «жол карталарын» бекітті.
Осылайша, 2019 жылы Татарстанның аудандық прокуратураларының бірі жарылғыш заттар мен құрылғыларды қолдан жасап шығаратын «рецепттер» орналастырылған бірнеше сайтты бұғаттауға сот шешімі арқылы қол жеткізді. Жұмыс терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласындағы жүйелі қадағалау аясында жүргізілді.