ШЫМКЕНТ, 06 тамыз. Шымкенттік тыйым салынған құрамында есірткі заты бар өсімдікті заңсыз өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен республикалық “Қарасора-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, өңдеу, өткізу, олардың жабайы өсу деректерін анықтап жою мақсатында аула аралық және үй аралық қарау жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шара нәтижесімен бау-бақшалар мен үй-жайларда есірткі тұқымдас өсімдіктерді өсірудің бірнеше дерегі анықталды.
Мәселен, 13 шілде күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инпекторларымен әкімшілік аумақты тексеру барысында өз үйінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді пластикалық шелектерде заңсыз егіп-өсіріп жатқан 1960 жылы туған жергілікті тұрғын құрықталды. Аталған азаматтан айғақты зат ретінде 14 бұтақ есірткі өсімдіктері тәркіленіп алынды.
Сол секілді, 25 шілде күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында өз үйіндегі бау-бақшада құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіріп жатқан 1964 жылы туған жергілікті тұрғын құрықталды. Аталған азаматтан айғақты зат ретінде үш бұтақ есірткі өсімдіктері тәркіленіп алынды.Жоғарыда көрсетілген деректер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабымен “Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру” қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.