Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда «Талибан» Ораза айт мерекесіне байланысты атысты тоқтататынын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.  Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы мұсылмандардың Рамазан мерекесіне байланысты үш күн атысты доғаратынын жариялады, деп centralasian.org хабарлайды. 

«Талибанның» Катардағы саяси кеңсесінің ресми өкілі Мұхаммад Наимның мәлімдеуінше, содырларға айт мерекесі күндері атысты доғару туралы бұйрық берілді. Дегенмен «Талибан» үкімет күштерінің шабуылдарына жауап беруі мүмкін екенін ескертті.

Ауғанстан президентінің аппараты әзірге тәліптердің атысты доғару туралы мәлімдемесіне қатысты жауап бермеді. Алайда Ауғанстанның ұлттық бітім жөніндегі жоғарғы кеңесі «Талибан» шешімін құптайтынын мәлімдеді. Кеңесті Абдулла Абдулла басқарады.

Екі күн бұрын Кабулдағы мектептердің бірінде жарылыс болып, кем дегенде 68 адам қаза тапты. Олардың дені — оқушы. 165-тен астам адам жараланған. Шабуыл жауапкершілігін ешқандай ұйым мойнына алған жоқ.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани 11 мамырда ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *