НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз. Жаңа Зеландияның Кристчерч қаласындағы екі мешітке қарулы шабуыл жасап, 51 адамды өлтірген, 49 адамды жаралаған террорист Брентон Тарранттың соты басталды, деп TRT жазады.
Террорист Тарранттың жазасы анықталатын Кристчерч Жоғары сотындағы іс төрт күн болады деп көзделуде. Сот алғашқы күні тығыз қауіпсіздік шарасы аясында басталды.
Сот отырысына террор лаңкестігінде қаза тапқандардың жақындарымен бірге жаралы қалғандар да қатысты. Сот болатын ғимаратқа шығатын жолдар жабылып, төбелерге мергендер орналастырылды.
Кристчерч Жоғары сотының төрешісі Камерон Мандер соттайтын террорист сотқа өзі отырған Аукланд түрмесінен көріністі түрде қосылады.
Таррант 51 адам өлтірушілік, 40 адам өлтіруге талпыну және бір лаңкестік секілді айыптаулардың барлығын қабылдаған болатын. Ақ нәсілдің үстемдігін алға тартатын террористтің төрт күндік соттан кейін өмір бойы бас бостандығынан айрылуы күтілуде.
Таррант Кристчерч қаласындағы Нұр және Линвуд мешіттеріне 2019 жылдың 15 наурыз күні жұма намазы кезінде шабуылдап, 51 адамды өлтірген болатын. Қаза тапқан азаматтар ішінде бір түрік азаматы бар еді. Жарақат алған 49 кісінің екеуі де түрік азаматы болатын.