НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан. Оңтүстік округтік әскери соты Қарашай-Шеркесияның тумасын терроризм мен экстремизмді ақтау ісі бойынша 2,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп «Кавказский узел» интернет басылымына сілтеме жасап СНОБ жазады.
Айыптаушы тараптың мәліметінше, 24 жастағы Алтынай Кумукова 2018 жылдың 19 қарашасынан 2019 жылдың 15 ақпан аралығында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында және өзі құрған интернет-қоғамдастықта «23 графикалық сурет пен оларға түсініктемелерді», сондай-ақ екі аудиожазбаны жариялады. Тергеу мен сот қыздың түсініктемелерінде терроризмді ақтау мен оны насихаттауды, ал аудиожазбаларда терроризмге шақыру бар деп есептеді.
2020 жылдың мамыр айында 1996 жылы туған Алтынай Кумукова экстремистік әрекетке немесе терроризмге қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізіміне енгізілді.