Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Аустралия полициясы Оңтүстік Африкадан келген жүк арасынан 144 келі кокаин тапты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан.  Аустралияның шекара қызметі Брисбен кемежайында Оңтүстік Африка Республикасынан жеткізілген жүк арасына жасырылған 144 келіге жуық кокаин тәркіледі, деп The Sydney Morning Herald басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат жазады.

Шекара қызметкерлері Брисбен кемежайына қазан айының басында жеткізілген гидравликалық цилиндрлер партиясын қарау кезінде екі гидроцилиндр поршенінен қуыстарды анықтаған.

Оның ішінен әрқайсысына 24 блок кокаин салынған алты металл контейнер табылды.

Жасырылған есірткінің құны 64,8 млн аустралиялық долларға бағаланып отыр.

Есірткіні анықтау шарасы елдің шекара қызметі және федералдық полиция күшімен ұйымдастырылды. Соның аясында Брисбена және Сидней кемежайларының қойма ғимараттарында іздеу жұмыстары жүргізіліп, жүкті алушы – Сиднейдің 45 жастағы тұрғыны қамауға алынды.

Аустралия заңнамасына сәйкес, аталған құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыру.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *