Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Гаагада белгісіз біреулер Сауд Арабиясының елшілігінің ғимаратына оқ жаудырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Нидерланды полициясының хабарлауынша, тәртіп сақшыларына Гаагадағы Сауд Арабиясының елшілігі орналасқан ғимарат жанында бейсенбі күні таңертең атыс туралы ақпарат түскен. Голландиялық De Telegraaf газеті ғимараттың терезелерінің бірінде оқ тиген  тесіктері көрінетін фотосуреттерді жариялады, деп хабарлайды ТАСС.

Сауд Арабия билігі Гаагадағы патшалық елшілігіне жасалған шабуылды қатал айыптады. Тиісті мәлімдемені Нидерландыдағы Сауд Арабиясының дипломатиялық миссиясы таратты.

«Сауд Арабиясы корольдіктің Гаагадағы елшілігіне жасалған шабуылды айыптайды», — деп мәлімдеме мәтінің Al Arabiya телеарнасы жариялады.

Дипломатиялық миссия оқиға салдарынан зардап шеккендердің жоқтығын атап өтті, сондай-ақ корольдік азаматтарын қырағылық танытуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *